Қазақстандық интернет-бизнес және мобильдік коммерция қауымдастығының (ҚИБҚ) және Intervale Kazakhstan компаниясының жыл сайынғы «Қазақстанның ТОП-30 мобильді қосымшасы» рейтингінің нәтижелері бойынша «Сбербанк Онлайн» Қазақстанның үздік мобильдік қосымшалары қатарына енді.
«Сбербанктің» мобильдік қосымшасы 2015 жылдың көктемінде іске қосылды. Осы жылы банктік қосымшалар арасында «Сбербанк Онлайн» екінші орынға ие болды. Жалпы рейтингте «Сбербанктің» мобильдік қосымшасы Қазақстанның барлық мобильдік қосымшасы арасында бірден үш орынға көтеріліп, өз жайғасымын айтарлықтай жақсартты.
Рейтинг әдістемесі мынадай параметрлерге негізделді: сессиялар саны, бірегей сессиялар саны, қолдаулы платформалар саны, Google Play және App Store-да қосымшаның рейтингі, интерфейс тілі, техникалық қолдау, Stores-та қолданушылардың сұрақтары мен түсініктеріне жауап қайтару, дизайн және қолдану ыңғайлылығы үшін төрешілердің бағалары.
Мобильдік қосымшаның цифрлық әлеуеті жыл сайын дамып және жетілдіріле отырып, біздің клиенттерге «Сбербанк» қызметтерінің кең тізбесін қолжетімді етеді. Бұл ретте «Сбербанк Онлайн» қосымшасының мүмкіндіктерін лайықты бағалай алған сарапшылар қауымдастығы мен қолданушылардың ұстанымы бізді шынымен қуантады. Біз клиенттерімізге сенім артқаны үшін шынайы алғыс білдіреміз және басқаларын «Сбербанк Онлайн» мобильдік қосымшасының басымдықтарын пайдалануға шақырамыз, — дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары Алексей Акимов.
«Сбербанк Онлайн» мобильдік қосымшасы бірнеше рет ең жоғары бағаға ие болды. Өткен жылдың желтоқсан айында ол UsabilityLab. пайдаланушы интерфейстерді бағалау бойынша Ресейдегі ірі компанияда қазақстандық банктердің мобильдік қосымшаларының usability-рейтингінде бірінші орынға ие болды.
Бүгінгі таңда «Сбербанк Онлайн» клиенттері үшін мына нәрселер қолжетімді: саусақ ізі немесе Face ID бойынша кіру, 1000нан аса қызметті комиссиясыз төлеу, телефон нөмірі және «Сбербанк» клиенті картасының нөмірі бойынша комиссиясыз ақша аударымдарын жүзеге асыру, дүние жүзінің кез келген банкінде деректемелер бойынша ұйымдар мен жеке тұлғалардың шотына төлемдер мен аударымдар, дүние жүзінің кез келген банкінде ашылған Visa және Master Card карталарына ақша аудару, онлайн депозитті ашу, 24/7 ақшаны ішінара алу және толтыру және басқа да көптеген мүмкіндік.
Мүмкіндіктер туралы толығырақ мына жерден оқуға болады.
ҚИБҚ және Intervale Kazakhstan компаниясы нарықтың негізгі ойыншыларын айқындау және мобильдік сервистер саласының даму үрдісін анықтау мақсатында 2014 жылдан бері отандық мобильдік қосымшалардың дамуына талдау жүргізеді. «Қазақстанның ТОП-30 мобильді қосымшасы» рейтингі олардың ең танымалдарын бағалайды.
«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық «Сбербанк» тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 11 жыл табысты жұмыс істеп келеді және бүгінгі таңда активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 3-орынды алады. «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 91 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы — филиал. Банктің Орталық офисі Алматыда орналасқан.