«Сбербанк» АҚ ЕБ әлеуметтік желідегі сыбысқа қатысты мәлімдеме жасады

«Сбербанк» АҚ ЕБ әлеуметтік желілерде таралып жатқан Ресейге қарсы АҚШ секторлық санкцияларының қатаюы нәтижесінде Қазақстан «Сбербанкіндегі» салымдардың жабылатыны туралы сыбысқа қатысты мәлімдеме жасады.

«Аталған санциялар «Сбербанктің» Қазақстандағы жұмысына ықпал етпейді. Себебі банк шетелде сыртқы облигациялық қарыздардың шығарылуын жүзеге асырмайды. Бұл — қаржы секторындағы санкциялардың негізгі мәселесі. Қазіргі таңда банкті қорландыру мемлекет ішінде тартылатын қаражат есебінен жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда еншілес банк «Сбербанк» ЖАҚ иегер банк тарапынан қолдаудың  қаржылық қорларына ие», — делінген хабарламада.

Еншілес банк штаттық режимде жұмыс істеп, клиенттер алдында барлық міндеттемесін орындап жатыр және нық өтемпаздық қорына ие.

«Сбербанк» кешіктіру мерзімі ең төмен, сапалы кредит қоржынына ие болғандықтан және  депозиттік қоры триллион теңгеден асатын сома болатындықтан сенімді қорғалған. Банк 1,7 триллион теңге көлемінде Қазақстан коммерциялық банктері арасында активтер көлемі бойынша 4-орынға ие.

«Сбербанк» Fitch Ratings халықаралық агенттігінің деректері бойынша қазақстандық банктер арасында «Позитивті» болжам «ВВ+» деңгейінде ең үздік рейтингтердің біріне ие.

Банк тұрақтылығының негізі – үлкен клиенттік база, біздің клиенттеріміз – негізгі мемлекеттік холдингтер, қырық мыңнан астам компания және миллионнан астам жеке тұлға. Банктің ағымдық жоспарлары ұзақмерзімді даму стратегиясына сәйкес орындалады. «Сбербанк» барлық қажет ресурсқа, басқарушылық тәжірибеге және сараптамаға ие.

Қазақстан «Сбербанкі» сыбысты таратушыларды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрі қарай әрекет ете бермек.