Вьетнам президенті Чан Дай Куанг қайтыс болды

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг қайтыс болды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, президент Астана уақыты бойынша 09.05-те ауруханада көз жұмған.

Чан Дай Куанг 1956 жылы 12 қазанда Вьетнамның солтүстігіндегі Ниньбинь провинциясында туған. Еңбек жолын елдің ішкі істер министрлігінде бастады. Әр жылдары қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік қауіпсіздік салаларында қызмет атқарды.

2006 жылы Вьетнам коммунистік партиясының орталық комитетінің мүшесі, 2011 жылы партияның саяси бюросының мүшесі болды. 2016 жылдың сәуірінде Вьетнам президенті болып тағайындалды. Ол — Вьетнамның 10-президенті.

Чан Дай Куанг қайтыс болғаннан кейін мемлекет басшысы міндетін атқару 58 жастағы саясаткер әйел Данг Тхи Нгок Тхиньға жүктеліп отыр.

ДереккөзRia.ru