«Жайдарман» ойындары Астана әкімі кубогы үшін ұйымдастырылды

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында республикалық «Жайдарман» ойындары өтті. Астана әкімінің кубогы үшін ұйымдастырылған сайыс елорданың 20 жылдығына арналды.

«Жайдарман» ойындарын Астана әкімдігі мен Қазақстан КВН одағы ұйымдастырды. Бұл жолы ойындарға қазақстандық 17 командамен бірге Қырғызстанның «Алатоо» ұжымы да қатысты.

Жайдарман
Фото: Қазақстан КВН одағы

Сайыс қорытындысы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Күлтегін» көңілді тапқырлар клубы жеңімпазы атанып, әкім кубогын иеленді. Ойынға қатысқан командалардың бәріне қаржы сертификаттары табыс етілді.

Жайдарман
Фото: Қазақстан КВН одағы
Жайдарман
Фото: Қазақстан КВН одағы

«Жайдарман» ойындары әкімдер кубогы үшін осымен оныншы жыл қатарынан өткізіліп отыр. Негізгі мақсат — бас қаламыздың мәдениетін көтеруге өзіндік үлес қосу және сол арқылы жастарды қоғамдық шараларға тарту, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға атсалысу. Сонымен қатар Елбасымыздың айқындап берген «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді іске асыруды барша xалыққа осы жоба арқылы насиxаттау болды, — дейді ұйымдастырушылар. 

Көңілді тапқырлар бәсекесіне «Қазақ радиолары» ЖШС басшысы Мәди Манатбек, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, сатирик Көпен Әмірбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен және Астана қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин қазылық етті.