Алматы облысында алманың мол өнім беретін сорттары таныстырылды

Семинар егінжай күніне орай Бәйдібек би ауылдық округі «Даврешев» шаруа қожалығы аумағында ұйымдастырылды.

Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, семинарға Agritecno Fertilizantes компаниясының Ресей, Украина және Қазақстан аумақтарындағы өкілдері мен ғалымдар қатысты.

Алматы және Түркістан облыстарының климатына бейімделген әрі жоғары өнім беретін алма сорттарын таныстыру семинардың басты мақсаты болды. Осыған байланысты бағбандар облыстардағы климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, шаруа қожалықтарында өсірілетін алмалардың құнарлылығы мен сапасын арттыру жөнніде өзара тәжірибе алмасты. Жердің ыңғайына байланысты тыңайтқыштардың жаңа түрлері таныстырылып, соңғы технологиялардың мүмкіндіктері қарастырылды. Бұл салада «Даврешев» шаруа қожалығының жинаған тәжірибесі мол.