Денис Тен ісі бойынша күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Алматыда Денис Теннің өліміне күдіктілер 23 қазанға дейін қамауда отыратын болды.

Алматы мамандандырылған тергеу соты 11-12 қыркүйекте арнайы қаулы шығарды. Күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 3 айға дейін, яғни 23 қазанға дейін созылды, — деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Диас Махамбетов.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15.00-дер шамасында болды. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғады. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. 2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.

Бұл оқиға бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Спортшының өліміне қатысы бар күдіктілер — Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар ТолыбаеваҚұдайбергенов пен Қиясов 20 шілдеде қамауға алынды, олар марқұмның көлігін тонағанын және спортшыны өлтіргенін мойындады. Екеуі де бұрын сотталған. Тергеу жалғасып жатыр. Жанар Толыбаева 25 шілдеде тұтқындалды, оның үстінен қылмысты хабарламағаны үшін іс қозғалып отыр.

ДереккөзInform.kz