Басты бетЖаңалықтарБақыт Сұлтанов:...

Бақыт Сұлтанов: Астана тұрғындарының саны жыл сайын 2,5%-ға көбейеді

2030 жылға қарай Астана тұрғындарының саны шамамен 2 миллион адамға жетеді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әкімдік Астананың 2019-2023 жылдарға арналған жинақ құрылысы жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленіп, Үкімет отырысының қарауына ұсынылды. Жоба барлық мүдделі мемлекеттік органмен келісілген. Бұл — елордамыздың дамуының барлық мәселесін қамтитын құжат, — деді құжатты таныстырған қала басшысы.

Бақыт Сұлтанов қаланың игеру аумағының шекаралары 25 700 гектардан 15 400 гектарға дейін оңтайландырылғанын және 5 перспективалы құрылыс салу аймағы анықталғанын айтты. Халықтың көші-қон және туу көрсеткіштерінің өсуі есебінен тұрғындар саны жыл сайын орташа есеппен 2,5%-ға ұлғаяды деген есеп бар және 2030 жылға қарай шамамен 2 миллион тұрғынға жетуі мүмкін.

Болжам бойынша экономика өсімінің жыл сайынғы қарқынының 4%-дан 6%-ға дейін артуы есебінен 2023 жылға қарай елорданың жалпы өңірлік өнімі 70%-ға ұлғайып, 10 триллион теңгеден асады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 216 мыңнан асып, 37%-дан астамға көбейеді. Өңірлік жалпы өнімде шағын және орта бизнестің үлесі 2023 жылы 57%-ға дейін артады, — деді Бақыт Сұлтанов.

ДереккөзInform.kz