«Байсат» базарындағы намазхана жамағаты қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары және деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны туралы дәріс тыңдады.
Алайда базар саудагерлерімен намазханада кездесу оңайға соқпады.
Бұл базардың намазханасында насихат жүргізуге қала имамы Еркінбек Шоқайдың рұқсаты аздық етті. «Байсат» сауда орталығының заңгері бізден базар басшысы Кемаль Эфендидің атына да хат жазып, оның да рұқсатын алуды талап етті. Біз «Байсат» ЖШС директоры Кемаль Эфендинің атына хат жазғаннан кейін ғана, базар намазханасына кіріп, насихат жүргізу құқына ие болдық, — дейді «Адырна» бірлестігінің өкілі.
Дәрісті дінтанушы Асылтай Тасболат оқыды.
Айта кетейік, «Дін мен дәстүр» жобасын Алматы қалалық дін істері жөніндегі басқармасы мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі бірлесе атқарып келеді. Жоба қоғамның әртүрлі тобына ақпараттық-түсіндіру, ағартушылық іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Кездесу соңында ақпараттық брошюралар таратылды.