Атырауда пәтер иелері кооперативтері цифрландырылды

Атырау тұрғындары Аtyrau.opencity.kz порталында «Жеке кабинетін» ашып, кооператив иелерінің жұмысын қадағалай алады. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бұл жоба осы жылдың 1 қыркүйегінде басталды, оның мақсаты — ПИК қызметінің сапасын және ашықтығын арттыру. Порталға 71 кооператив кіреді.

Портал — ақпарат алмасудың бірыңғай платформасы. Атырау тұрғындары үйде отырып-ақ ПИК-тердің алдағы жұмыс жоспарларымен танысып, өз пікірін білдіруіге мүмкіндік алады. ПИК өкілдері үшін де жұмыс істеу жеңілдейді. Мәселен, қандай да бір шешім қабылдау үшін кездесу ұйымдастырып, тұрғындарды жинап, жылу беру уақытын және газды жөндеу жұмысы туралы хабарлама таратудың қажеті жоқ. ПИК өкілдері қалай жұмыс істейтіні, жиналған қаражаттың жұмсалу реті, қаржы есептері және басқа да ақпарат порталда бар, — деп түсіндірді Аtyrau.opencity.kz сайтын жүргізу инженері Аман Сұлтанов.

Айта кетейік, Аtyrau.opencity.kz порталында қаланың интерактив картасы және барлық қолжетімді ПИК және тұрғын үй туралы толық ақпарат бар. Бұдан басқа, тұрғындар пәтер иелері кооперативтерінің қаржы-шаруашылық есептері мен өздерінің коммуналдық қызмет бойынша қарызы туралы да біле алады.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы аясында автобустардағы төлем қызметінің автоматтандырылғаны хабарланған еді.