Басты бетЖаңалықтарЕліміздегі емханаларды...

Еліміздегі емханаларды бизнесмендер басқаратын болады

Бірақ, мемлекеттік медициналық мекемелерді кәсіпкерлер бірден сатып ала алмайды. Алдымен 5 жыл басқаруы тиіс. Егер, кәсіпкер келген соң медициналық қызмет көрсету сапасы артып, оң өзгерістер байқалса, яғни үкіметтің сынағынан сүрінбей өтсе, емхана сатылуы мүмкін. Ал, емханаға қарағанда шығыны бірнеше есе көп ауруханалар мемлекеттің мойнында қала бермек.

Денсаулық саласындағы тағы бір жаңалық – келесі жылы Ұлттық экономика министрлігіне өтіп кеткен санитарлық эпидемиалогиялық бақылау қызметі қайта Денсаулық министрлігіне берілетін болды.

“2016 жылы біз өзімізге тиесілі қызметтерді бөліп аламыз. Мәселен, инфекциялық аурулардың тарауын алдын алу, бақылау, індеттің ошағын анықтау Денсаулық сақтау министрлігіне қайта өтеді. Ал, тұтынушылардың құқығын қорғау бұрынғыша Экономика министрлігінде қалады”, – дейді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Дереккөзktk.kz