Ауқымды антициклон: 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 5 қыркүйектегі ерекше метеорологиялық құбылыстарға қатысты болжамын ұсынады. Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал етеді, сондықтан көп аймақта күн жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің солтүстік-батысы мен қиыр солтүстігінде ғана төмен қысым әсерінен аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Еліміздің бірқатар өңірінде жел соғады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық облыстарда түнгі және таңғы мезгілде ызғар болады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында түнде және таңертең тұман түседі. Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел секундына 20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, жел екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-2 градус ызғар болады.