Бақытжан Сағынтаев: Емханалар мен балабақшалар жаңа үйлердің бірінші қабатында болуы керек

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің бірінші қабатынан шағын медицина мекемелерін ашу мәселесін қарастыруды тапсырды.

Бізде денсаулық сақтау ұйымдарының желісі дамыған, өздеріңіз білесіздер. Бірақ халық бұрынғысынша сапасы жақсы медициналық көмек ала алмай отыр, әсіресе, ауылдық жерде. Негізгі принциптердің бәрі түсінікті, министр жаңа ғана бұл туралы айтты. Медициналық көмек сапасын арттыру жөніндегі шаралар, тұтас алғанда, қолдауға ие

, — деді Үкімет басшысы. Ол өзі ұсынған шараларды тиімді іске асыруды Денсаулық сақтау министрлігіне өңірлермен бірлесе отырып атқаруды тапсырды.

Әсет Исекешев (Астана әкімі) жаңа ғана жақсы ақпарат берді, емханалардың қызмет сапасын арттыруға жеке инвесторларды тарту жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр, бір дәрігерге келетін пациенттер саны азаюы керек. Астанада жұмыс жақсы жүргізіліп жатыр. Кеше Петропавлда, Солтүстік Қазақстанда болдық. Жаңа ықшамаудан салынып жатыр, 600-ге жуық ескі үй бұзылып, үлкен жаңа аудан тұрғызылып жатыр. 2000 пәтер дайын

, — деді Бақытжан Сағынтаев. Премьер-министр емханалардың жүктемесі алдағы уақытта көбейе түсетінін айтты.

Халыққа қарасақ, егер бұрын бір емханаға 600 отбасы тіркелетін болса, енді бірден 2000-ы тіркеледі. Демек, жүктеме артып келеді. Мұндай жаңа үйлердің бірінші қабатына халыққа жақын, жинақы емханалар салу керек. Бұл шара барлық облыста жүргізілуі керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұл жұмысты атқаруға тиіссіздер. Мұндай мүмкіндік бәріңізде болмауы мүмкін, бәріңізден осыны бақылауға алуды сұраймын. Асқар Ұзақбайұлы (Мамин, Премьер-министрдің бірінші орынбасары), үй жобалары жасалған кезде ең әуелі олардың бірінші қабатына тұрғындар үшін балабақшалар мен емханаларды орналастыру мәселесін қарау керек

, — деді Премьер. Ол денсаулық сақтау саласына үлкен көңіл бөлу керектігі туралы Президент Жолдауында айтылғанын еске салды.

Әсіресе, шағын медицина мекемелерін салу мен салаға инвестиция тарту мәселесі туралы айтылды. Сондықтан бұл жұмысты жалғастыру керек. Денсаулық сақтау министрлігі мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, әкімдіктер халыққа медицинадағы реформалар мен адамдардың сапалы көмек алуын жеңілдететін қазіргі заманғы цифрлық технологияларды енгізу туралы тұрақты түсіндіру жұмысын жүргізу қажет. Осыған назар аударыңыздар

, — деді Үкімет басшысы.

ДереккөзZakon.kz