Дана Жүнісова вице-министр қызметінен босатылды

Дана Жүнісова Ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылды.

Бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі лауазымында болған Дана Жүнісова берген өтініміне сәйкес қызметінен босатылды

, — делінген ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Дана Жүнісова 2018 жылдың сәуір айында Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған еді. Ол халықаралық экономикалық интеграция және әріптестік, сауда және сыртқы сауда қызметі мәселелерін басқарды. Министрліктегі жұмысына дейін Жүнсіова «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Экс-вице-министр 1985 жылы мамырда Целиноградта туған. 2006 жылы Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін бітірді. Мамандығы — экономист.

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары болып Әсет Ерғалиев тағайындалды. Ол бұған дейін Премьер-министр кеңсесінің Жобалауды басқару орталығының меңгерушісі болды.

ДереккөзTengrinews.kz