Алматыда және тағы бірнеше елді мекенде жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, 31 тамыз күні Астана уақыты бойынша 18.21-де Алматыда жер сілкінді.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 53 шақырымда — Қазақстан аумағында анықталған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.0. Магнитудасы MPV 5.2.

Алматыда жер сілкінісі МSК-64 шкаласы бойынша 4 балл түрінде сезілді. Талғарда — 3-4, Қотырбұлақ елді мекенінде — 3-4, Қорам елді мекенінде 3 балл, Қастекте — 2-3 балл, Саты елді мекенінде 2 балл болып байқалған. 

Алматы ІІД Жедел басқару орталығы мен төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сілкініс салдарынан зақым келген нысандар мен зардап шеккендер жоқ.