Үздік режиссура жүлдесі «Ага» картинасын түсірген Миколо Лазаровке берілді. Үздік актер атағын режиссер Ханна Слактың (Словения) «Шахтер» фильмінде ойнаған Леон Лючев иеленді. Режиссер София Джаманың (Франция, Бельгия, Катар) «Сүйкімділерінде» ойнаған Лина Хоудри үздік актриса атанды.
«Әкеге қоңырау шалу» 6 жасар баланың 25 жасқа толғанға дейінгі есею шағын, ата-анасымен түсініспеушілігін, сезімдері мен арпалыстары жайында баяндайтын терең иірімді драма.