ІІМ басшысы: Руслан Күлікбаев алдымен судьялар мен прокурорларды өлтіруді көздеген

«Оған (Руслан Күлікбаев) ота жасалды, адвокаттардың қатысуымен жауап алынды. Ол құқық қорғау органдарының барлығынан кек алғысы келгенін, оның ішінде судьялардан, прокуратура жұмысшылары мен полицейлерден кек алғысы келгенін мәлімдеді. Сондықтан ол кеше Алмалы аудандық сотының ғимаратына келген, оның рюкзагы болған, онда қару жатқан. Сол жақта ол бірінші кезекте судьялар мен прокурорларды өлтірмек болған. 30-40 минуттай күткен ол Алмалы аудандық ІІБ-ге қарай бет алған — бұл сот ғимаратынан 200 метр қашықтықта болған. Осы жерде ол осы қылмыстарды жасаған. Жауап алу кезінде мәлімдеген сөзі осы. Ол полицейлерді қасақана өлтірген», — деп мәлімдеді ҚР ІІМ басшысы.

Еске салайық, кеше Алматыда террористік акт болды. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Құлықбаев болып шықты.

ДереккөзҰлт.кз