24 тамызда Қазақстан қор биржасында он бесінші шығарылымдағы облигацияларды орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
Қазақстан ипотекалық компаниясы екінші деңгейдегі банктер арқылы ипотекалық қарыздар беру және міндеттемелерді өтеу үшін жылдық 9,65% өтеу кірістілігі бар 10 жылдық меншікті облигацияларын орналастырды. Сауда-саттық қорытындысы бойынша компания KASE-ге 5,4 млрд. теңге тартты.
Қазақстан ипотекалық компаниясы ипотекалық облигациялар шығару арқылы екінші деңгейдегі банктерді қорландыру қызметін 2017 жылы қайта бастады және 2017-2018 жылдары мемлекеттік емес институционалдық инвесторлар арасында жалпы сомасы 25,8 млрд. теңге меншікті облигацияларын орналастырды.
Нәтижесінде компания «Tengri Bank» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Экспресс Финанс» ИҰ АҚ, «Азия Кредит Банк» АҚ сияқты ұйымдардан ипотекалық қоржындар сатып алды және «Банк ЦентрКредит» АҚ-дан ипотекалық кепілмен қамтамасыз етілген қарыз шарттары бойынша талап ету құқықтарын сатып алды.
Жалпы Қазақстан ипотекалық компаниясы 16 серіктес банкпен жұмыс істейді.