Фильмді бірнеше бөлікке бөліңіз

Нәтижеге тезірек қол жеткізу үшін бір фильмді «жіліктей шағып», қайта-қайта көруден, ұғудан жалықпаңыз. Ол үшін фильмнің хронометражын бірнеше бөлікке бөліңіз. Мысалы, екі сағатқа созылатын фильмнің бір күнде тек 20 минутын көріңіз. Субтитріне назар аударыңыз, сөздің айтылуына мән беріңіз. Бұл, әрине, жалықтыруы мүмкін. Бірақ осылай тілді сапалы үйренетін боласыз.

Егер күн сайын фильм көруге 15-20 минут уақытыңызды бөліп отырсаңыз, шамамен екі-үш айда кейіпкердің сөзін субтитрсіз түсінетін боласыз. Егер бір фильмді бірнеше бөлікке бөліп қарағыңыз келмесе, қысқа видеоларды тамашалаңыз. Мысалы, Twig-Bilim ресурсында мектеп бағдарламасына сай фильмдер және бақылау тапсырмалары бар.

Фильмдерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тамашалауға болады. Олардың ұзақтығы үш минуттан басталады.

Түсінбейтін сөздер көп болса…

Фильмде түсінбейтін сөздер көп болса, келесі тәсілді қолданыңыз. Сөздерді бірден жаттап алыңыз. Үш-төрт күн өткеннен соң видеоны қайтадан көріңіз. Бірақ бұл жолы субтитрді де, сөздікті де пайдаланбаңыз. Бұл тәсіл сөздік қорды арттыруға ғана емес, тілді автоматты түрде түсінуге көмектеседі.

Сөзді қалай дұрыс жаттау керек?

Көп адам сөздерді жеке-жеке жаттайды. Дұрысы, сөзді емес, тіркесті жаттау керек. Мысалы, multi-faceted деп емес, multi-faceted nature деп жаттасаңыз, есте сақтау әрі оны тілдік қолданысқа енгізу оңайырақ болмақ. Бір фильмді толық меңгергенше келесіне көшпегеніңіз жөн. Twig-Bilim ресурсында видеолардың үш тілдегі транскрипті берілген. Дайын транскрипт видеоны жылдам түсінуге әрі жаңа сөздерді жаттауға айтарлықтай көмектеседі.

Сөздің айтылуын қалай дұрыс үйрену керек?

Сөздерді фильм кейіпкерлерімен бірге қатар айтып отырыңыз. Бұл техниканы «shadowing» деп атайды. Twig-Bilim ресурсындағы фильмнің транскриптін жүктеп алуға болады. Оны басып шығарғаннан кейін қатар оқып отыру өте қолайлы. Сөздің айтылуына ғана емес, кейіпкердің интонациясына, ырғағына еріңіз. Егер тілді бірнеше адаммен бірге үйренсеңіз, рөлге кіріп ойнасаңыздар да болады.

Twig-Bilim ресурсымен тіл үйренудің қандай артықшылығы бар?

Bilim Media Group жəне Twig компаниялары бірлесе отырып қазақстандық оқушылар мен мұғалімдерге əлемге үздік деп танылған онлайн білім беру қызметін ұсынады. Бұл инновациялық оқыту құралы 2012, 2013 жəне 2014 жылғы білім беру технологияларының бүкілəлемдік көрмесінде (BETT) қатарынан үш мəрте ең үздік атанды.

Twig-Bilim
Twig-Bilim ресурсының скриншоты.

Twig-Bilim кешені мектеп бағдарламасындағы химия, физика, биология, математика, география және жаратылыстану пəндері негізіндегі өте қызық 2000-нан аса қысқа фильмнен тұрады. Əр фильмге көрнекі құрал ретінде тақырыпқа сай иллюстрациялар мен диаграммалар, кестелер мен интерактивті тест тапсырмалары берілген.

Фильмдегі материалдар əлемге танымал ВВС жəне Associated Press студияларының мұрағаттарынан алынған.

Соның арқасында бұл платформа қазақ тілін, ағылшын тілі мен орыс тілін меңгеруде таптырмас көмекші құралға айналды. Айта кетейік, Bilim Media Group компаниясының Bilimland.kz платформасында тіл үйренуге көмектесетін өзге де курстар бар.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!