«Атырау авиа» шекарашылары 20 қараша күні кешкі сағат 17.15 шамасында елімізге «Стамбұл-Алматы» бағытымен ұшып келген №870 әуе рейсінің жолаушыларын және олардың жүктерін тексеру барысында 3,5 келі сары түсті металдан және 235 келі ақ түсті металдан жасалған әшекей бұйымдарды заңсыз алып келе жатқан Нұрхан есімді 44 жастағы Қазақстан азаматын ұстады.
Ұсталған азаматтың өзі бұл заттарды алтын-күміс дейді, жөнелтпе қағаздарда да солай көрсетілген. Дегенмен, бұл бұйымдардың құрамының қаншалықты таза екендігін және құндылықтарын арнайы сараптама анықтайды, тасымалдаушының ісімен тиісті орындар айналысады.
Шекаралық бақылау бөлімшесі ашылғаннан бері мұндай көлемдегі әшекей бұйымдар елімізге контрабандалық жолмен бірінші рет әкелініп отыр.