Содырлар Сирияда ресейлік тікұшақты атып түсірді

Сириялық Ми-25 тікұшағын мінген әскерилерді «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы орналасқан ауданда ұшып бара жатқан жерінен атып түсірген деп хабарлады «Интерфакс» агенттігі.

«8 шілдеде ресейлік әскери ұшқыш-инструкторлар Ряфағат Хабибулин мен Евгений Долгин әскери қару-жарағы бар сириялық Ми-25 тікұшағымен Хомс провинциясында ұшып жүрген» деп хабарлаған Ресей қорғаныс министрлігінен «Интерафкс» агенттігіне.

Пальмира маңында тікұшақ құлағаны туралы ақпарат шілденің 9-ы күні таңертең тараған. Экипаж мүшелерінің тағдыры туралы нақты ақпарат жоқ.

Бұған дейін, 8 шілде күні кешкісін «Интерфакс» агенттігі Сирияның Хмеймиміндегі ресейлік әскери әуе базасының өкіліне сілтеме жасап, ресейлік әскери тікұшақтардың барлығы «аман-есен аэродромға оралған» деп хабарлаған еді.

ДереккөзАзаттық