Ұялы байланыстың бұл түрін енгізу туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
«Келесі жылы Халықаралық электробайланыс одағы 5G желісін бүкіл әлемде іске асыратын стандарттарды қабылдайды. Біз алғашында пилотты жүргізуді жоспарлап отырмыз. 5G ұялы байланысын пилоттық тестілеу үшін Астана мен Алматыда және Ақмола, Алматы облыстарында іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өз кезегінде Министрлік 2019 жылдың 2 тоқсанында 5G ұялы байланыс технологиясын пилоттық тестілеуден өткізуді жоспарлап отыр», — деп түсіндірді Дәурен Абаев.
Дәурен Абаев пилоттық режим Қазақстанның басқа өңірлеріне де енгізілуі мүмкін екенін айтты.