Ұялы телефондарды онлайн тіркеуге болады — Дәурен Абаев

«Телекоммуникация саласында келесі жұмыстар атқарылды. Өткен жылы ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамту жобасы бойынша тыңғылықты жұмыстар жүргізілді. Жобаның мақсаты — 2021 жылға дейін 1 249 елді мекенде тұрып жатқан 2 миллионнан астам тұрғынды жылдам интернетпен қамтамасыз ету. Ағымдағы жылы барлық конкурстық процедуралар жүргізілгеннен кейін 55 ауылдық елді мекенді қамтимыз деп үміттенеміз», — деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, министр ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеуге қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, өткен жылы бұл бағытта дайындық жұмыстары жүргізіліп, бүгінде сәйкесінше ережесі бекітілген.

Халық арасында түсініспеушілік орын алмауы үшін министрлік тіркеу процесін барынша жеңілдетіп отырғанын хабарлайды. Азаматтар онлайн режімде және СМС арқылы да ұялы телефонын тіркеуге мүмкіндік алады.

ДереккөзInform.kz