Ақтау

Ақтау
Ақтау қаласы.Фото:Интернет парақшасынан алынды
  1. Облыс халқының саны — 666,2 мың;
  2. Қаланың аты өзі орналасқан теңіз мүйісінің ақ бордан тұрып (картада Меловой мүйісі делінген) теңіз жақтан қарағанда, биік ақ тау сияқты болып көрінуіне байланысты аталған; 
  3. Көше жоқ. Ақтауда 36 шағын аудан бар. Мұнда көше атаулары жоқ. Мекен жай телефон нөміріне ұқсас айтылады. Мысалы, 12-35-20. Яғни, 12-аудан, 35-үй, 20-пәтер. Тек атауы бар екі көше бар. Олар: Бірінші Президент пен Тәуелсіздік даңғылдары;
  4. Теңіз жағалауы. Ақтау әлемдегі ең ірі жабық су қоймасы Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Қыста теңізге киелі құс саналатын аққу қонады. Әр таң сайын қала іші теңізден келген балғын иіс пен таза ауа ағынына толады;
  5. Халқы тек тұщы су ішеді. Ақтауда тез нейтронды БН-350 реакторымен жұмыс істейтін атом-энергетикалық стансасы бар. Теңіз суы сол құрылғы арқылы тұшытылады. Сондықтан да бұл қалаға алғаш келген адам суына үйренісе алмайды;  
  6. 362 әулие болған. Маңғыстау десе есімізге бірден Бекет ата немесе 362 әулие түседі. « Маңғыстаудағы әулиелер саны – 360, қырда – Бекет ойда – Саназармен 362» деген аңыз кездеседі. Қазақстандағы тарихи – мәдени еркерткіштердің 80 пайызы Маңғыстауда шоғырланған;
  7. Әлемдегі үй үстіне шамшырақ (маяк) орнатылған екінші қала. Маңғыстауда 5 шамшырақ бар. 4-шағын аудандағы «Меловая» маягі — көпке таныс. Теңіз деңгейінен 71 метр биіктікте орналасқан мұнара -әлемдегі санаулы нысанның бірі.

Атырау

Атырау
Атырау қаласы.Фото:Интернет парақшасынан алынды
  1. Облыс халықының саны – 625 040; 
  2. 1992 жылдан бері қала атауы — Атырау деп аталып келеді. Бұрын «Атырау» деп Махамбет ауданындағы топырақтар аталған. Қаланың қақ ортасымен Қазақстандағы ең өзендердің бірі Жайық өзені ағып жатыр. Халық осы өзеннің бойында көп шоғырланған.  
  3. 97% мемлекеттік тілде сөйлейді. Облыстың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі ең жоғары: мемлекеттік тілде сөйлейтін ересектердің үлесі — 96,9%.
  4. Мұнайлы мекен. Мұнайды көп өндіретіні Атырау облысы (республикалық өнімнің 30%), ал газды Атырау (49%) және Батыс Қазақстан (25%) облыстары. Атырауда республикамыздағы ірі мұнай өндеу зауыты жұмыс істейді (республика бойынша өнеркәсіп өнімінің үлес салмағы (26%). Ауданның батысында Қарашығанақ мұнай газ конденсаты кен орны бар. Ерекшелігі сол бұл өңірге шетелдік инвесторлар көп қызығады;
  5. Көне қалалар көп. Атырау облысы Қазақстанның табиғи қазба байлығымен қатар тарихи мұрасы да мол аймақтың бірі. ЮНЕСКО халықаралық ұйымы негізінде қорғауға алынған дара ескерткіш ретінде Сарайшық қаласы әлемге танылып отыр. Осындай қалалар қатарында орта ғасырлық Ақтөбе-Лаэти қаласын атауға болады.

Ақтөбе

Ақтөбе
Ақтөбе қаласы.Фото:Интернет парақшасынан алынды
  1. Облыс халқының саны — 861,3 мың;
  2. Қала атауы орыс тілінде «белый холм» мағынасын білдіргендіктен, кейде Ақтөбені орысша «Город на белом холме» немесе «Беловершинск» деп те атайды; 
  3. Басты рынок саналатын Ресейге шығатын қақпа бар. Бұған Қазақстанның кез келген тұрғыны дәлел келтіре алады. Әсіресе арзан бағада көлік сатып алғысы келетіндер Ақтөбе арқылы көрші ел аумағына жиі өтіп жатады; 
  4. Ақтөбе облысындағы  хром кені базасында  қара  және  түсті металлургия  салалары дамыған. Кен орнында хром қосылыстары және  ферроқорытпа зауыттары жұмыс істейді.  Хром кенінің және хром қосылыстарының негізгі бөлігі жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарылады;
  5. Батырлар көп жерленген. Қазақтан шыққан батырлар көп. Дегенмен, көптеген батырдың денесі осы облыста жерленген. Мысалы, Әбілқайыр хан, Есет Көтібарұлы, Есет Көкіұлы, Қобыланды батыр, Мыңбай батыр, Әлия Молдағұлова т.б.   

Орал

Орал
Орал қаласы.Фото:Интернет парақшасынан алынды
  1. Облыс халқының саны — 648,7 мың;
  2. Орал – өзен атауы және оның қандай мағына беретіні жайлы бірнеше нұсқа бар. Соның бірі, ежелгі манси халқының тілінде  ор – «тау», «су айрығы», «биік мекен», ала – бір заттың үстіңгі жағы деген мағынада. Яғни, орала – «тау шыңы» деген мағына берсе керек. Ал түркі нұсқасын жақтаушылар орал сөзін татар-башқұрт тіліне жатқызады: оралу, оралыу, оралмақ – «орап алу», «орау», «айналу», яғни Орал – «қоршау», «таулы белбеу» деген мағынада;
  3. Қазақстанның өкпесі. Орал қаласы флораға өте бай. Онда 2 бірдей тоғай мен үлкен аумақты алып жатқан бақ бар. Ағаш егістерінің жалпы көлемі 6000 гектар;
  4. Ресейдің 5 облысымен шектеседі. Облысы солтүстік батыс Қазақстанда орналасып, Ресей Федерациясының Астрахань, Волгаград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарымен және Ақтөбе, Атырау облыстарымен шекарасы бар; 
  5. Еуропалық қала. Кейбір географтар Еуропа мен Азияның шекарасын Жайық өзенімен есептейді. Жайық Оралдың ортасынан өтетіндіктен қаланы Еуропа құрамына жатқызады. Жергілікті халық та осы ерекшелікпен мақтанады;
  6. Көне сәулетімен ерекше. Оралда мұсылмандық Шығыс рухында саланған түрлі бағыттағы құрылыстар кездеседі.  Орыс-қазақ кәсіптік мектебінің ғимараты өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Бұл сәулет ескерткіші мавритандық стильге жатады. Саудагер Каревтің үиі (қазіргі кітапхана және филормония), Ванюшиннің үйі (қазіргі №38 қалалық мектеп) еуразиялық стильде салынған. Орталық даңғылда орналасқан Михаил-Архангель соборы қаланың баға жетпес көне ескерткіші боп саналады;
  7. Машина жасау зауыты бар. Машина жасау және металл өңдеу саласында маманданған «Орал-Зенит зауыты», «Орал «Металлист» зауыты», АҚҚ, «Омега», «Гидроприбор» ҒЗИ, «Орал арматура» зауыттары бар. Бұл кәсіпорындарда осы заман талабына сай кәсіп өндірістік корпустар мен құрал-жабдықтар бар, тәжібиелі жұмысшы және инженер-техник кадрлар легі қалыптасқан. Олардың шығарған өнімдері ТМД елдеріне де, шетел тұтынушыларына да кеңінен танымал.