Назарбаевқа Құрық порты көрсетілді

Телекөпір режимі арқылы презентация барысында Нұрсұлтан Назарбаев Тажен кеден бекетінен автожол қозғалысын ашты және «Қорғас-Шығыс қақпасы» контейнерлік пойызына старт берілді.

Мемлекет басшысының алдында «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» басшысы Қанат Алпысбаев пен Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Ачилбай Раматов сөз сөйледі.
Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев портты салған құрылысшылар мен жобаны іске асыруға атсалысқан серіктестерге алғыс білдірді.

Құрық порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Ол автомобиль, темір жол паромдарын жыл бойы қабылдай алады.

«Құрық — бұл біздің Кавказ бен Еуропаға шығарады. Бұл біздің көптен күткен жоба», — деген еді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 10 тамызда Ақтауға ұшып келген еді. Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласындағы теңіз жағалауын аралап көрді. 12 тамызда мұнда Бесінші Каспий саммитіне қатысады

ДереккөзTengrinews.kz