Мемлекеттік сатып алулар: 900-ге жуық заңсыздық дер кезінде жойылды

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мемлекеттік сатып алулар саласындағы камералық бақылау нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

«Биыл жылдың бірінші жартысында департамент жалпы сомасы 298 421,0 миллион теңге болатын 25 087 мың мемлекеттік сатып алу рәсімін тексерді, жалпы сомасы 32 028,9 миллион теңге болатын 897 заң бұзу жағдайы анықталып, жойылды», — деді ішкі мемлекеттік аудит Департаменті басшысының орынбасары Рахманхан Төрегелдиев.

Баспасөз мәслихаты барысында барлық мемлекеттік сатып алуға қатысты бақылаудың қашықтан жүргізілгені анықталды. Бұл екі тараптың да сыбайлас жемқорлықты болдырмауына ықпал етеді. Веб-порталдардың болуы департамент қызметкерлеріне электрондық мемлекеттік сатып алуды қашықтан тексеруге мүмкіндік береді.

2017 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуды камералық бақылаудың барлық бизнес-үдерісін автоматтандыру аяқталды. Хабарламаларды қалыптастыру және бағыттау, орындау, пішіндеу және объектив қарсылыққа сілтеме жасау нәтижесінде есеп электрондық түрде жүргізіліп, жылдам және тиімді жұмыс істейді.

Ортақ міндетіміз — бюджет қаражатын дер кезінде және тиімді игеруді ескере отырып, қазір мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушыларға бұл істі мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сай іске асыруды өтінгім келеді, әсіресе, әлеуметтік немесе маусымдық маңызды сатып алулар кезінде орындалу мерзімін бақылап, келіспейтін шарттар болғанда наразылық білдіру институтын қолдануды сұраймын», — деді Рахманхан Төрегелдиев.

Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, жаңа заңнама бойынша енді заңбұзушылықты жою туралы нұсқау алған лауазым иелері жағдайды дер кезінде қалпына келтірсе, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Дәл осы талаптың арқасында биыл 430-ға жуық мемлекеттік қызметкер жауапкершіліктен босатылды.