Қоңырөлең ауылында жер сілкінді

Алматы облысының Панфилов ауданындағы Қоңырөлең елді мекені аумағында жер сілкінді. Бұл туралы ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ хабарлады.

Жер сілкінісі 9 тамыз күні Астана уақыты бойынша 14.44-те тіркелген. Эпицентрі Қазақстан аумағында — Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 185 шақырым қашықтықта анықталды. Энергетикалық класы — 9,4. Магнитудасы — 3,6.

Жерасты дүмпуі Қоңырөлең елді мекенінде MSK-64 шкаласы бойынша 2 балл түрінде сезілген. Жер сілкінісі туралы алғашқы хабар Алматы жедел басқару орталығына 14.53-те келіп түскен.

Еске сала кетейік, 27 шілде күні Алматыда екі рет жер сілкінісі сезілген еді.