Семейде дереу жойылуы тиіс 50 мың текше радиация қалдығы бар

Ғалымдар Семейде дереу жойылуы тиіс 50 мың текше радиация қалдығы бар екенін анықтады.

«Қазіргі уақытта ядролық аймақтың 62%-ы тексерістен өткен. Сөйтсе де топырақ құнарлылығын қалпына келтіруді қажет ететін аймақтар баршылық. Алдын ала белгілі болған мәлімет бойынша, 50 мың текше радиация қалдығы бар екен, – деді Энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық жобаларды дамыту департаментінің директоры Батыржан Қарагөзов.

Оның айтуынша, 18 мың киллометр жердің басым бөлігі тексерістен өтті. Зерттеу 2021 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұдан кейін топырақ құнарлылығын қалпына келтіру жұмысы басталмақ.

ДереккөзАltaynews.kz