Андрей Аршавин

Ойынды албандықтар ширақ бастады. Алғаш минуттан олар қонақтар қақпасына бірнеше қауіпті сәт туғызғанымен өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Десе де бірінші тайм “Қайраттың” басымдылығымен өтті. Ал екінші таймда ол басымдылықты арттыра түскен алматылықтар голды тек 70-минутта соға алды. Аяғына түскен допты қақпаға дәл бағыттаған команданың ресейлік легионері Андрей Аршавин болды.

Бұл жұптың арасындағы қарымта ойын 7 шілде күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Екінші іріктеу кезеңіне жолдама алған команда “Маккаби” (Тель-Авив) мен “Горица” (Словения) арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

Естереңізге сала кетейік, бүгін “Қайраттан” бөлек еліміздің тағы екі клубы Еуропа Лигасындағы ойындарын бастаған болатын. Өз алаңында “МТК Будапешт” командасын қабылдаған “Ақтөбе” қарсыластарын жеңе алмады. Ойын 1-1 есебімен аяқталды. Ал сербиялық “Чукарички” клубына қонаққа барған шымкенттік “Ордабасы” 3-0 есебімен жеңіліп қалды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!