27 шілде күнгі ауа райы: күшті жел мен аптап

«Қазгидромет» еліміздің көп бөлігінде антициклон ықпалы сақталатынын, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік, орталық және шығыс бөліктерінде ғана найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын хабарлайды. Солтүстік пен орталықта тұман түседі, күндіз солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады, күндіз кей жерлерде дауыл соғады, жел 15-20 м/с-қа күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз Қарағанды облысында жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетіп, шаңды дауылға ұласуы мүмкін. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында күндіз арагідік жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарында дала өрті қаупі күшті болады.

ДереккөзZakon.kz