Футбол немесе жәрмеңке: демалыс күндері Алматыда қайда баруға болады?

Жұмыс аптасы аяқталды. Алдағы екі күн демалысты қалай өткізуге болады? Назарларыңызға Алматы қаласында өтетін шаралар тізімін ұсынамыз.

«Қайрат» пен «Тобыл» матчы

Қайрат-Тобыл
©Footboom.kz

29 шілде күні Алматының орталық стадионында «Қайрат» футбол клубы қостанайлық «Тобыл» клубымен кездеседі. Бұл кездесу қазақстандық премьер-лиганың 20-ойыны болмақ. Ойын жексенбі күні сағат 19.00-де басталады. Билетті клубтың кассасынан немесе онлайн сатып алуға болады.

Луинаның тегін концерті

Луина әнші
©unikaz.asia

Esentai Music фестивалі аясында аптаның әр сенбісі Esentai Square-де танымал әншілердің тегін концерті өтеді. Осы сенбіде Х-factor жобасы арқылы танымал болған қазақстандық әнші Луина мен MusicFresh тобы ән шырқайды. Концерт 28 шілдеде сағат 19.00-де басталады.

Red Bull Reign стритбол турнирі

Red Bull Reign стритбол турнирі
©redbull.com

Әлемнің 15 мемлекетінде іріктеу кезеңдерін өткізетін Red Bull Reign халықаралық стритбол турниріне Қазақстан биыл тұңғыш рет қатысып отыр. Елдегі іріктеу кезеңі Астанада 22 шілдеде өтсе, Алматыда 29 шілде күні болады. Іріктеудің финалы 5 тамыз күні Алматыдағы «Астана» алаңында өтеді. Көше спортына қызығатын, 18 жасқа толған кез келген адам байқауға қатыса алады.

The Beatles party

The Beatles party
©InAlmaty.kz

Жыл сайын ұйымдастырылатын The Beatles party биыл 28 шілдеде 21.00-де басталады. SOHO bar-concert & meat мейрамханасында өтетін кешке кіру тегін. Кешке 70-жылдардың стилінде киініп барған жөн. Кешті Малик Рузиев жүргізеді.

«Қазақ хандығы» чемпионаты

"Қазақ хандығы" ойыны
©InAlmaty.kz

«Қазақ хандығы» үстел ойынынан жазғы чемпионат 10 маусымда басталған. 16 тамызда ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады. Ойынға қатысу тегін. Чемпионат «451 градус» әдебиет клубында өтеді.

Веложүгіру

Веложүгіру
©24.kz

29 шілде күні «Спорттық Алматы» шарасы аясында кезекті веложүгіру болады. Қатысушылар веложарысты таңғы 9-да «Нұрлы тау» бизнес-орталығынан бастап, «Атакент» көрме орталығына дейін барады. Жеңімпаздарды арнайы сыйлықтар күтіп тұр.

Отандық тауарлар жәрмеңкесі

Жәрмеңке
©Sxodim.com

Сенбі-жексенбі күндері Mega Almaty ойын-сауық орталығының алдында отандық тауарлардың жәрмеңкесі болады. Жәрмеңкеге тамақ, қолөнер, химия және өнеркәсіппен айналысатын 60-тан астам қазақстандық шаруашылық қатысады.