Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстандық ауыр атлеттер әлемдік жастар чемпионатына қатысады

©m-astana.kz

Бұл туралы ақпаратты бүгін Қазақстан ауыр атлетика федерациясы сайтында жариялады.

«Қазақстандық атлеттер Ильин, Подобедова, Манеза, Чиншанлоның допинг сынамалары жайлы қолайсыз фактілер болғанымен, қазіргі таңда олардың кінәлары дәлелденбегендіктен, Қазақстан құрамасын Тбилисиде басталған жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысуға жіберді», — деп хабарлайды ұлттық федерация.

Бұған дейін Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанлоның сынамаларынан допинг іздері табылғанын мәлімдеген соң төртеуі де жарыстардан шеттетілген.

Сонымен бірге Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) спортшыларынан допинг іздері табылған Ресей және Беларусь командаларымен бірге Қазақстан құрамасын да бір жылға жарыстардан шеттету туралы шешім шығарған еді. Бірақ нақты қай мерзімнен бастап шеттетілетіні көрсетілмеген.

2008 және 2012 жылдары қатарынан екі Олимпиада жеңімпазы атанған Илья Ильин допинг туралы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады. Қазақстанның спорт ұйымдары да допинг жайлы айыптаулармен келіспейді.

Допинг дауына дейін Рио олимпиадасының он лицензиясына ие болған Қазақстан құрамасы оның екеуінен айырылған. Қос жолдаманың бірі ерлер командасына, екіншісі — әйелдер командасына тиесілі еді.

Естеріңізге сала кетейік, Риодағы антидопингтік зертхананың қателескені белгілі болғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақалаға реакция

21 Пікір

  1. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ура урааа!!! Саттілік тілемін сендерге!!!!
  2. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ура урааа!!! Саттілік тілеймін сендерге!!!!
  3. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Жаксы болдыгой коркып едим катыспайтын шыгар деп. Сиздерге тек женис !!! Казакстанды тагыда бир рет биикке шыгаруларынызга тилектеспин! Какпастар дурыстап карамайма зертханасы. Олар туралы жаман ойлап калдыгой халык типти менде. Енди бундай кателиктер болмайды деген умиттемин.
  4. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Құтты болсын! Қуанышты хабар! Қазақстанның атын шығарып жүрген асыл жандар! Қиянат жасала жаздады-ау, қатты уайымдадық. Жеңістерге жете беріңдер
  5. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Поздравляю! Очень рада за наших спортсменов и за казахстанцев! Справедливость восторжествовала!!! Удачи вам. Вы - наша гордость!
  6. Д
    Дамира 10 жыл бұрын
    Ол жаққа қатысқанымен Риоға жіберілмейтіні өкіндіріп отыр. Жалған ақпараттар беріп отырған допингке қарсы агенттікке қалай сенуге болады?
  7. Х
    Хамит 10 жыл бұрын
    Дұрыс болған екен. Сәттілік спортшыларымызға!
  8. А
    Асылхан 10 жыл бұрын
    Спортшыларымыз қоржынымызды алтынға толтырсын! Еліміздің көк туы желбіресін!
  9. М
    Майра 10 жыл бұрын
    Қазақстандықтар бірауыздан спортшыларымызды қолдауда.
  10. П
    Перизат 10 жыл бұрын
    Біздің атлеттерымыздың еш кінәлары жоқ екендігіне басынан бастап сенімді болғанмын.
  11. Т
    Танат 10 жыл бұрын
    Спортшыларымыз үшін қуаныштымын. Еліміздің намысын қорғап, даңқын асқақтататындарына сенімдімін.
  12. Л
    Лаураш 10 жыл бұрын
    Қазақ спортының атына дақ келтіруді көздегендердің мақсатына жетпегендеріне қуаныштымын.
  13. Б
    Бауыржан 10 жыл бұрын
    Спортшыларымыз Олимпиадада үмітімізді ақтап, жақсы нәтиже көрсетеді деген сенімідемін
  14. Д
    Димаш 10 жыл бұрын
    Жастар құрамасы деген санаттан Илья Ильин, тіпті Зульфияның өзі шығып кеткен жоқ па, олар юниорларға жатпайды ғой.
  15. А
    Айсер 10 жыл бұрын
    Әйтеуір допинг деп бір шулатып алды ғой, енді келіп оң нәтиже бермепті деп жазып жатыр. Қызық.
  16. М
    Маншук 10 жыл бұрын
    Егер қатыстырмаса нағыз әділетсіздік болар еді. Допинг қолданғандары әлі толық дәлелденбегендіктен қатыстыруға тиісті
  17. С
    Сабит Ерма 10 жыл бұрын
    Тбилисидегі жарыста да біздің атлеттер мықты нәтиже көрсетеді. Оларға жеңу үшін допинг керек емес!
  18. М
    Малика 10 жыл бұрын
    Марапаттарын берерлерін беріп алып енді қайтарып аламыз дегені не сұмдық? Ол халықаралық агенттіктің жұмысына сын. Аяқ астынан допинг тексергені несі? Кезінде қайда қарады, нені тексерді?
  19. А
    Алибек Ер 10 жыл бұрын
    Ақырын күту керек. Допинг дауы шартты нәрсе, ол тек қана биыл емес, әрбір Олимпиада кезінде орын алады.
  20. М
    Махамбет 10 жыл бұрын
    Біздің ауыр атлеттерге қатысты әділетсіздік! Бірауыздан спортшыларымызды қолдаймыз!
  21. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Россия спортшылары айпқа қарсы шығып, намысқа күресіп жатыр. Допингтің саяси астары бар екенін елдің барі көріп отыр. Неге жоғарыдағы спортбасшылары үндемейді, түсініксіз...