Алматының қоғамдық кеңесінің отырысында Денис Тенге «Халық қаhарманы» атағын беруді ұсынылды.
«Денис Тенге «Халық каhарманы» атағын беруді ұсынамын. Шын мәнінде, ол полицейлер істеуі тиіс әрекетті жасады — қылмыскерлерді ұстады. Ол өзін қорғады, әділдік үшін күресті, ереже бұзушыларды тоқтатуға тырысты. Сол себепті де қайтыс болды. Сондықтан оған бірінші кезекте қолдан келетіні — «Халық каhарманы» атағын беру», — деді алматы тұрғыны Әлнұр Ильяшев.
Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов та бұл бастаманы қолдайтынын айтты.
«Бұл қылмыс бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Спорт кешеніне Денис Теннің есімін беру мәселесі де қарастырылып жатыр», — деді Рахман Алшанов.
25 жастағы даңқты мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен 19 шілде күні Алматыда көлік айнасын ұрламақ болған қаскөйлердің қолынан қаза тапты.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәнерлеп сырғанаушының туыстарына оны өлтіргендердің тиісті жазасын алатынына сенім білдірді.