Басты бетЖаңалықтарҒалымдар шоколадтан...

Ғалымдар шоколадтан дәрі жасап жатыр

Ота алдында науқастың қобалжуын басып, тыныштандыру үшін қолданылатын мидозалам негізіндегі медициналық препараттың дәмі жағымсыз екені соншалық, балалар оны қолданудан көп жағдайда бас тартып жатады. Бұл, өз кезегінде, жас науқастарға операция жасау кезінде ақ халаттылардың жұмысын біраз қиындатады. Сол себепті жергілікті дәрігерлер анестезия алдында какао бұршақтарын қолданып көруге бел байлаған, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Жоба үйлестірушілерінің бірі, профессор Брита Регли фон Унгерн-Штернбергтің айтуынша, «мидозалам мен шоколадтан әзірленіп жатқан жаңа кішкентай таблеткалар клиникалық тиімділігін жоғалтпай, балалар үшін жағымсыз процедураны «тәттірек ете түседі».

Зерттеушілер қолға алған бастамаларын одан әрі жетілдіріп, дамытуды көздеп отыр. Дәмі тіл үйірер таблеткалардан бөлек, ғалымдар құрамында жүрек айнуы мен лоқсуға қарсы ондансетрон дәрісі бар сағыз дайындау үстінде.

ДереккөзBnews.kz