Франция құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды

ӘЧ-2018 финалдық кездесуі Мәскеудің «Лужники» стадионында Франция мен Хорватия құрамалары арасында өтті.

Ойын 4:2 есебімен Францияның жеңісімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, 14 шілде күні футболдан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласта Бельгия құрамасы Ұлыбританиядан басым түскен болатын. Осылайша, Франция, Хорватия және Бельгия құрамалары биылғы әлем чемпионатының үздіктері атанды.