Айта кетейік, биыл 5 шілдеде парламент мүшелері осы заңды мақұлдап, Мемлекет басшысы заңға қол қойған болатын. Қазақстанның Конституциялық кеңесі құжатты Конституцияға сәйкес деп таныды. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасына өмір бойы Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болу құқығы берілді», — делінген жарияланған заңда.