Тест: Допингке ілінгендер карьесы қалай жалғасты?

Ақжарқын Қыдырханова, SZH.KZ

Лондон Олимпиадасының чемпиондары — 4 ауыратлет Светлана Подобедова, Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манезаның  қанынан табылды деген станозололды 1996 жылы қазақстандық жеңілатлет Ольга Шишигина да қолданды деген айып тағылған болатын. Екі жыл спорттан шеттетілген Шишигина 2000 жылы Сидней Олимпиадасында алтыннан алқа тағып, табиғи потенциалының допингке еш қатысы жоқ екенін дәлелді.

2012 жылы Лондон Олимпиадасында әлемді мойындатқан велоспортшы Александр Винокуровқа да 2007 жылы «гемотрансфузия препаратын қолданды» деген айыппен екі жылға спорттан шеттетілу жазасы тағайындалған. Дәл осы уақытта ол Франциядағы «Тур-де Франс» көпкүндігіне қатысып жатқан еді. Винокуров дауы орын алғаннан кейін «Астана» велокомандасы аталған көпкүндік жарысқа қатысудан бас тартқан. Винокуров 2009 жылы спортқа қайта оралды. Қазір ол – Қазақстан  велоспортының бас бапкері.

Фаина Сиванбаев

Допинг дауының ең ауыр жазасын алған қазақстандық спортшы – штангист Фаина Сиванбаева. IWF оған өмір бойы спорттан шеттетілу жазасын берді, себебі ол бұл дауға үш мәрте ілінген. 2012-2014 жылдар аралығында алғашқы жазасы өтелсе, 2015 жылы 7 қыркүйекте өткен Таиландағы Азия чемпионатында екінші рет айып тағылды. 2015 жылы 5 қазанда өткен Қазақстан Спартакиадасы оның соңғы айыбын ашты. Енді ол кез келген деңгейдегі болсын жарысқа қатыса алмайды. Фаинаның спорттағы кареасы осылайша тәмамдалды.

Допинг дауына 2008 жылы қазақстандық триатлоншы Дмитрий Гааг та ілінген еді. Ол — 1999 жылғы әлем чемпионы, 1998 жылғы әлем кубогының иегері. Допинг табылған соң 2008 жылы ұтып алған Азия чемпионы атағынан айырылып, Пекин олимпиадасындағы нәтижесі де жойылды. Гааг 2009 жылы спортқа қайта оралғанымен, Лондон олимпиадасына жолдама ала алмады.

Жасұлан Қыдырбаев

Жасұлан Қыдырбаев — ауыр атлетикадан әлем чемпионатын ұтқан тұңғыш қазақ. Ол 2014 жылы Алматыдағы әлемдік сында алтын алған. Бірақ өкінішке орай ол екі рет допинг дауына ілді. Алғаш рет 2012 жылы ұсталып, екі жылға спорттан кеткен. Биыл да ол осы дау себебінен Алмас Өтешев, Ермек Өміртаймен қатар  Рио олимпиадасы билетінен құр қалып, спорттан шеттетілді. Бұл атлеттер елдің бетке ұстар мықты спортшылары еді. Тіпті халықаралық Infostrada агенттігі Рио олимпиадасында Өтешов пен Қыдырбаев медаль алады деп болжаған. Олардың допинг дауына ілінгенінен хабар алған Владимир Седов спортқа қайтып келіп, бірден дайындыққа кіріскен. Айта кетейік, Седов та 2006 жылы IWF шешімімен өзге де  төрт атлет, Ирина Гереева, Станислав Копутов, Сергей Истомин, Игорь Башановтармен бірге допинг айыбымен спорттан алыстатылған.

2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатында қола алған ресейлік Ольга Зубова допинг қолданды деген айып себебінен 2016 жылы қола медаль төртінші орын  алған Светлана Подобедоваға берілді.

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы Алмат Серимов та – дауға іліккен спортшының бірі. Осыған байланысты, 28 жастағы спортшы, ұлттық, аймақтық, құрлықтық және халықаралық жарыстарға қатысу құқығынан екі жылға айрылды. Алайда «Астана Арланстың» бас бапкері Марат Жәкиев оның допинг және өзге де тыйым салынған заттарды қолданбағандығын мәлімдеген.

Допинг дауынан кейін  спортты мүлде тастап кеткендер қатарында ауыр атлеттер Камилла Багаудинова, Мұхит Үсенбаев, Вячеслав Ершов бар (2007 жылы).  2008 жылы тағы бір қазақстандық ауыр атлет Дмитрий Стрига, 2009 жылы Александр Дзюба мен Игорь Ким да допинг дауымен екі жылға спорттан шеттетілді. Бұл спортшылар да ол жайттан кейін спортпен қоштасқан.

Илья Ильин Светлана Подобедова Зүлфия Чиншанло Майя Манеза

Қазақстан спорт тарихында болмаған рекордық көрсеткіш Лондон Олимпидасында соғылып еді. Төрт фаворит, чемпион —  Илья Ильин, Светлана Подобедова,  Зүлфия Чиншанло, Майя Манезаларға тағылған айып расталса, Лондондағы бұл көрсеткіш 12-орыннан 24-орынға дейін түсіп кету қаупі бар. Алайда Мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) оларды жүлделерінен айырып, Рио-де-Жанейро олимпиадасына қатысуына тыйым салса, оған шағымданатынын мәлімдеді. Чемпиондарға сенген халық та оларға қолдауларын білдіріп жатыр.

Ал, сіз біздің құрметке лайық чемпиондар жетістіктері туралы ойынды ойнап көргіңіз келе ме?

Чемпиондарды қаншалықты танисыз?