Талдықорғанда «Нұр Отан» партия филиалының жаңа төрағасы сайланды

Конференцияға Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев  және шақырылған делегаттар, қалалық мекеме, бөлім басшылары, партия белсенділері, ардагерлер, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, ҮЕҰ, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Жиында төрағалық еткен облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Ғ.Сарыбаев  Елбасы, партия Төрағасы Н. Назарбаевтың  «Бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуін  іске асырылуы турасында баяндама жасап, облыс және қала аумағында қойылған міндеттердің орындалуына басты назар аударды.

«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясын жүйелі жаңғырту жөнін­дегі тапсырмаларын орындау үшін  нақты шаралар атқарылуда. Партиялық 7 жобадан бөлек, Елбасы тапсырмасына сәйкес 22 бастамашыл жобаларды  іске асыру жолында  іс-шаралар жоспары бекітілген. Талдықорған қаласында «Цифрлы Қазақстан» бағдарлаамасымен  IT  орталық  пен  Оқушылар сарайынан арнайы сынып ашылды», — деді Ғалиасқар Төлендіұлы.

Облыстық партия филиалының бірінші орынбасары  Ғ. Сарыбаев осыған дейін қала әкімі және де Талдықорған қалалық партия филиалының  төрағасы болған Бағдат Қарасаев көптеген  істерді атқарғанын тілге тиек етіп, алғыс білдірді.

Конференция делегаттарының дауыс беруімен жақында қала әкімі қызметіне кіріскен Шалтабаев  Дастан Тұрарбекұлы «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасы болып сайланды.

«Құрметті партияластар! Маған сенім танытқандарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін. Өзіме тапсырылған міндеттерді өздеріңіздің көмектеріңіз арқылы бар күшімді салып, атқаратыныма сөз беремін, — деді Дастан Тұрарбекұлы.

Сонымен қатар,  делегаттардың дауыс беруімен филиалдың саяси кеңесі құрамына өзгерістер енгізілді.

Жарыссөзге мінберге көтерілген Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінң төрағасы Мұрат  Қалық  бірлесіп жұмыс жасауға шақырып, төраға қызметіне ақ жол тіледі.  «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі,  мектеп мұғалімі Қанат  Абайұлы   Елбасының жүктеген сенімнен шыға білу жолында жігерлі еңбек ете беретіндігін атап көрсетті.