Терроризмге қарсы заңнамаларға өзгерістер бір ай ішінде әзір болады

Ведомствоаралық жұмыс тобына (экстремизмге және лаңкестікке қарсы іс-қимыл саласында шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі) бір аптада нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық мазмұндағы нақты ұсыныстармен шаралар жоспарын даярлау тапсырылды. Осы ретте Президенттің тапсырмаларын орындаудың формалары, мерзімдері көрсетіледі.

«Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетіне мүдделі органдармен бірлесе бір айдың ішінде экстремизм мен лаңкестікке, қару-жарақ айналымына қарсы іс-қимыл, көші-қонды реттеу және басқа да салалар бойынша заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасын және өзге нормативтік-құқықтық актілерлерді әзірлеу қажет»,-деді Үкімет басшысы.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі алдына мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе бір апталық мерзімде көші-қон мәселелері бойынша мемлекеттік органдар өкілеттігін жіктеуді қарастыратын ҚР Президентінің Жарлығы жобасын Үкіметке енгізу міндеті жүктелді. Осы жұмыстар Мемлекет басшысы мақұлдаған қадамдар мен Көші-қон жөніндегі ұлттық бюроны құруды ескере отырып атқарылуы керек.

ДереккөзҚазАқпарат