Димаш Азия-Тынық мұхит аймағының әртістістерінің ішінде бірінші орында тұр

Бұл туралы өзінің Инстаграм парақшасында әншінің әкесі Қанат Айтбаев жазды.

«Димаш Азия-Тынық мұхит аймағының ең танымал әртістерінің тізімінде бірінші орынды сақтап қалды. Тізімде тек әншілер ғана емес, кино актерлары, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайланд және өзге де елдердің барлық жанрдағы әртістері бар», — деп жазды Қанат Айтбаев.

Еске сала кетсек, өткен жылдың наурыз айында да Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі аталымы бойынша марапатталған болатын. Әншіге номинация 24-кезекті «China Top music Awards» шарасында, Қытайдың Шанхай қаласындағы Mercedes Benz Arena-сында табысталған еді. Кеште Димаш өзін барша әлемге танымал болуына себепкер, әлемде ең қиын бес әннің бірі саналатын француздың «SOS d’un terrien endétresse» әнін шырқаған.

Дереккөзinform.kz