Ақтөбеде 2010 жылы ЖШС «Саяжан» мекемесi «Сенім clinic» диагностикалык емдеу медицина орталығын ашты. Қазіргі уақытта орталық соңғы медициналық жабдықтармен жабдықталған Батыс Қазақстандағы жетекші медициналық көпсалалы орталықтардың бірі.

Барлығы қалай басталды

Біздің клиника 2010 жылдың қыркүйегінде құрылды. Себебі сол кезде қаламызда магнитті-резонанстық томографияға сұраныс болды. Қаламыздан, облыс орталықтарынан тұрғындар диагностикалық тексерілуге көршілес Ресейге, Орынбор қаласына барып жүрді. Медициналық көмектің біздің аймаққа қажет екенін түсіне келе, көптеген патологияларды анықтау үшін жоғары дәлдіктегі танымдық томографияны анықтайтын Mag Finder құрылғысын сатып алдық. Бұл – клиниканың ашылуының басты себебі болды. Қазіргі уақытта «Сенім клиникасы» Ақтөбе қаласындағы қарқынды дамып келе жатқан көп салалы орталықтардың бірі.

Сенім-clinic
«Сенім-clinic» диагностикалық және емдеу орталығының Mag Finder құрылғысы. Фото 

Орталығымыздың мақсаты – науқастарды заманауи медициналық технологияларды қолдану арқылы емдеу және сапалы медициналық қызмет көрсету. Яғни, жоғары сапалы, білікті медициналық көмек көрсету, атап айтқанда, диагностикалау арқылы түрлі ауруларды дәл уақытында және алдын-ала анықтау, аурудың себептерін уақытылы жою, олардың дамуын болдырмау үшін жұмыс істейміз.

Қаржы саласындағы тұрақты серіктесіміз — АТФБанк

Бизнеспен айналысу, оны дамыту, өсіру — оңай емес. Ол үшін елеулі инвестиция қажет. Табысты жұмыстың компоненттері — кәсіби мамандар тобынан бөлек, сенімді материалдық база мен қаржылай қолдаудың болуы. Біздің клиникамыз құрылып, жұмысын бастаған уақыттан бері қаржы саласындағы тұрақты серіктесіміз — АТФБанк.

Медициналық орталығымыз құрылған жылы «Бизнесті бірыңғай қолдау және бизнесті дамыту бағдарламасы» аясында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы АТФБанк АҚ қатысқан ең күшті қолдауға ие болдық.

АТФБанк кәсіпті бастап, оны ары қарай дамыту үшін қажетті несиемен қамтамасыз етті. Жабдықтар сатып алу және объектілерді салу үшін қаржылай  қолдау көрсетті. Яғни, АТФБанк клиникамызды толықтай заманауи жабдықтарымен қамтамассыз етуге, кәсібімізді едәуір кеңейтуге және жұмыс орындарының санын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Шыны керек, АТФБанктің барлық мемлекеттік бағдарламалардың қатысушысы болғаны біз үшін маңызды. Өйткені, несие өнімдерін төмен тарифтермен пайдалана аламыз. Біз үшін бұл пайдалы, несие құны төмендейді және біз дер кезінде төлем жасай аламыз. Жоғарыда айтып өткенімдей қандай кәсіп түрі болса да қаржылай көмектесетін сенімді серіктес маңызды. Ал біз мұндай қолдауды АТФБанктен таптық. 

Дәрігер емделушіге ем жүргізіп жатыр

Біздің қағидаларымыз

Сенім клиникасы — Батыс Қазақстандағы жетекші медициналық көпсалалы орталықтардың бірі. Біз пациенттерімізге сапалы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасаймыз. Клиниканы заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіп, өзімізге қаламыздағы үздік дәрігерлерді тартамыз. Емханамыздың ерекшелігі: заманауи операциялық бөлмемен қамтамасыз етіліп, емдеуге арналған білікті кешенді тәсілдерді қолданып, тәулік бойы медбикенің қадағалауында болып, арнайы күтім жасайтындығымыз деп айтар едім. Оған қоса, мамандарымыздың жоғары кәсібилік деңгейі және біліктілігі; медициналық қызметтердің үлкен таңдауы; жоғары сервис деңгейі мен әлемдегі жетекші өндірушілердің заманауи жабдықтарымен қамтылғандығымызды атап өтер едім.

«Сенім-clinic» диагностикалық және емдеу орталығының қызметкері

Заманауи жабдықтармен қамтылғанбыз 

Клиникамызда ультрадыбыстық диагностика да бар. Біздің кәсіби ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері зерттеуді сараптама бөлімінің заманауи жабдықтарымен жүргізеді. Сондай-ақ, бейне – эзофагодуоденоскопия және бейне колоноскопия процедуралары үшін Жапонияда жасалған «PENTAX 100» жоғары дәлдіктегі жабдықтар қолданылады. Ал полипэктомия процедурасы үшін полипді жоюдың тиімді және қауіпсіз әдісі жасалады.

Және де клиникада электроэнцефалография және эхоэнцефалография бар. ЭЭГ бейне бақылауы 2-3 сағат, 6 сағат, 12 сағат және 24 сағаттық ұзақтықпен жүргізіледі, көпфункционалды Нейрон Спектр-5 аппараты қолданылады. Сонымен қатар, дәрігерлер үнемі өзінің кәсіби білімін шыңдап отырады. Ал рентгенологиялық зерттеулер Оңтүстік Кореяда жасалған «Galaxy» көпфункционалды сандық аппаратында өткізіледі. Батыс аймақта алғаш рет, тек «Сенім клиникасы» медициналық-диагностикалық орталығында тек остеопороз диагностикасы үшін тиімді рентгендік денситометр орнатылды. Ол сүйек минералының тығыздығын алдын-ала анықтай алады.

Жалпы, зертханамыздағы жаңа аппараттардың арқасында көптеген зерттеулер жүргізілуде: жалпыклиникалық, биохимиялық, гормондарды, аллергендерді зерттеу, полимеразды тізбекті реакция көмегімен анықтау. Біз сапалы реагенттерді пайдаланамыз. Барлық зерттеулер белгіленген ережелерге сәйкес жүргізіледі. Осының арқасында әрдайым сенімді нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Зертханалық база кез келген қиын жағдайда да жоғары дәлдікпен диагностика жасауға мүмкіндік беріп отыр.

Кәсіби дәрігерлер мен ұсынатын медициналық қызмет түрлері 

Қазіргі уақытта клиника мына функциялар бойынша жұмыс істейді: Бірінші, амбулаториялық емхана. Медициналық көмек келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: терапия, неврология, эндокринология, аллергология, дерматология, кардиология, ревматология, хирургия, офтальмология, оториноларингология, гинекология, урология, травматология. Бұл жерде адамның миы мен ми тамырларына, омыртқа бөлімдеріне (мойын, кеуде қуысы, бел, сегізкөз буыны), иық, тізе, жамбас  буындарына магнитті резонанстық томография жүргізіледі. Сондай-ақ клиникада контрастты томография да бар. Екінші атқаратын функциямыз — диагностикалық қызметтер. Диагностика – аурудың себептерін және одан әрі емдеу схемасын анықтаудың маңызды элементі. Сондықтан дұрыс диагноз қою, әрі сауатты емдеу жүргізу үшін дәрігер диагностиканың нәтижелеріне сүйенеді.

Дәрігер емделушіге дәрі егу үстінде. 

Кәсіби дәрігерлер – клиникадағы ең маңызды тұлғалар. Біз үнемі дәрігерлерді Астана, Алматы қалаларына, сондай-ақ шетелдерге (Ресей, Израиль, Чехия, Біріккен Араб Әмірлігі) оқуға жіберіп тұрамыз. Дәрігерлеріміз ол жақтан науқастарға диагностикалық зерттеу жүргізу мен емдеудегі соңғы тәсілдер туралы біліп, көріп, оқып келеді. Бүгінде клиникамыздың қызметкерлері көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар.

Табысты бизнес көзінің кілті – тиімді баға саясаты 

Біз ересектерге де, жаңа туған балаларға да медициналық көмектің барлық түрлерін ұсына аламыз. Сондықтан орталығымызға нақты осы жастағы науқастар жиі қаралады деп айта алмаймын. Жалпы, біздің форматымыз — медициналық көмектің барлық түрлерін ұсынатын жан-жақты, көп салалы клиника. Сонымен қатар зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға, сақтандыру компанияларына, олардың қызметкерлеріне және туыстарына жеңілдіктер қарастырамыз. Және де клиникамыз Ақтөбедегі сапалы медициналық қызметтерді халыққа ең жақсы бағамен сатып алуға мүмкіндік беретін жарнамалық акциялар мен жеңілдіктерге ие.

Дәрігер емделушіні УДЗ-дан өткізуде. 

Табысты бизнес көзінің кілті – алға қойған мақсаттар мен міндеттердің міндетті түрде орындалуы, нақты стратегиялық жоспар, жұмысқа деген адалдық, тиімді баға саясаты мен қызметкерлермен жақсы қарым-қатынаста болу деп білемін. Болашақта мақсатымыз — Республика бойынша халықтың көп бөлігін қамтамасыз ететін үлкен, көпфункциялы медициналық орталыққа айналу және халыққа сапалы қызмет көрсету. Бастысы әрбір клиентке ыңғайлы әрі жоғары технологиялық көмек көрсету.