Қала ішінде кешелі бері қаланың кейбір ауданында «атыс болды» деген ақпараттар айтыла бастаған. Бір күдіктінің ұсталғанын ғана айтқан Бурахан қазір қала көлемінде ешқандай операция жүргізіліп жатпағанын жеткізді. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, күдіктілердің бірінің ұсталғанын ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев та растаған. Іздеу жарияланған қалған алты күдіктіні іздеу шаралары жалғасып жатыр.
Өткен жексенбіде Ақтөбеде белгісіз адамдар екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыстан барлығы 21 адам мерт болды. Олардың 13-і шабуыл жасады деген күдіктілер, сегізі — бейбіт тұрғындар. Қазақстан билігі шабуыл жасағандар «радикалды діни топтардың жақтастары болуы мүмкін» деген болжам айтады. Бұған дейін Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті жеті күдіктіге іздеу жариялаған.
Шабуылдан соң Ақтөбеде террорлық қауіп-қатердің ең жоғарғы «қызыл сызығы» деңгейі, ал 6 маусымда Қазақастанда 40 күн мерзімге террорлық қауіп-қатердің «сары деңгейі» жарияланған.