Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Туған күн — 2018» республикалық жобасы өз мәресіне жетті

Іс-шарада Жайдарманның танымал топтары өнер көрсетіп, көрермендерге көңілді кеш сыйлады. Олардың қатарында «Біріккен ұлттар құрамасы» (Астана), «Миллион» (Шымкент), «Тұран — Астана» (Астана), «Қызылорда құрамасы» (Қызылорда), «Боранқұл» (Маңғыстау), «Грант» (Орал), «ӨзенМұнайГаз құрамасы» (Жаңаөзен), «Элемент» (Семей), «Фемида» (Ақтөбе), «Байдың балалары» (Шымкент) болды.

Ал бұл топтарды жоғары лиганың тұрақты қазылары — Мади Манатбек, Сүндет Байғожин, Асxат Оралов, Нұрлан Өтешев және Геннадий Шиповскиx бағалады.

«Туған күн — 2018» республикалық жобасы өз мәресіне жетті

Ойын соңында «Жайдарман» сөзінің әр әрпіне сай номинациялар тағайындалып, командалар кубоктармен және димломдармен марапатталды.

Номинацияларға ие болған командалар тізімін ұсынамыз:
«Жігер» — «Элемент» (Семей);
«Айбын» — «Боранқұл» (Маңғыстау);
«Игілік» — «Миллион» (Шымкент);
«Дарын» — «Грант» (Орал);
«Алдаспан» — «Қызылорда құрамасы» (Қызылорда);
«Рух» — «ӨзенМұнайГаз» (Жаңаөзен);
«Мақсат» — «Тұран-Астана» (Астана);
«Абырой» — «Байдың балалары» (Шымкент);
«Намыс» — «Фемида» (Ақтөбе).

Ойыннан бір күн бұрын республикалық «Сенің жаңа қырың» спорттық акциясы аясында командалар арасында футбол ұйымдастырылды. Осылайша, жайдарманшылар ауқымды жобаға өз үлестерін қосты.

Мақалаға реакция