Басты бетПойыз апатынан...

Пойыз апатынан зардап шеккендерге 1 миллион теңгеге дейін өтемақы беріледі

«Астана-Алматы» бағытындағы №9 жолаушылар пойызы вагондарының рельстен шығып кетуінен болған жол апатынан қаза тапқан баланың отбасы мен зардап шеккендерге «Қазақстан темір жолы» ҰК» өтемақы төлейді. Бұл туралы сейсенбідегі Үкімет отырысында Шудан селекторлық байланыспен шыққан «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев мәлімдеді.

«9-шы «Астана-Алматы» пойызында 20 вагон болған. Жолдан шыққан сегіз вагонның екеуі аударылып, апаттан 23 адам зардап шекті, біреуі қаза тапты. Бір жолаушының Шу қаласында аяғы сынып, ауруханаға жеткізілді, Алматы-1 теміржол бекетінде жолаушыларға медициналық көмек көрсетілді. Компания мерт болған жеткіншектің отбасына барлық қажетті көмек көрсетіп жатыр. ҚР заңнамасы негізінде қаза тапқан баланың отбасына компания 1000 АЕК көлемінде 2 млн 405 мың теңге компенсациясын және зақым келген жолаушыларға зақым алу және денсаулығына тиген зиянын деңгейіне қарай 500 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін ерікті түрде өтемақы төлеу туралы шешім қабылданды. ҚТЖ-да зардаптарды жою бойынша штаб құрылды», — деді Алпысбаев.

ДереккөзBaq.kz