Алматыда әлемнің 20 елінен азаматтық бастамалар көшбасшылары кездеседі

Конференция тақырыбы: «Level Up!» даму драйвері — азаматтық бастама».  Конференцияның мақсаты — әлеуметтік инновациялар саласындағы заманауи тенденциялар мен технологияларға талдау жасау, азаматтық қоғамды дамыту бойынша үздік жұмыстарды  алға жылжыту және өзара тәжірибе алмасу.

Конференцияны ұйымдастырушы — «Азаматтық қоғамды дамыту ассоциациясы» — «АРГО» — 2004 жылдан бастап халықаралық деңгейде азаматтық қоғамды дамытуға кәсіби түрде қатысатын коммерциялық емес ұйым. Конференция ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және коммерциялық емес ұйымдары серіктестіктігі аясында өткізіледі. Қаржылық қолдауды «Инновацияларға арналған серіктестік» бағдарламасы шеңберінде АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) және «Innovation for Change» жаһандық бастамасы қаржыландырады.

Конференцияға 25 елден жиналған 200-ден астам адам қатысады. Негізгі спикерлер — халықаралық мамандар, олар келесі тақырыптар бойынша мына мастер-класстарды өткізеді: Ноел Диковер (АҚШ) — Әлеуметтік саладағы инновациялық технологиялар, Хоан Карлос Лозано (Колумбия) — Альтернативті қаржыландыру және әлеуметтік кәсіпкерлік модельдері; Алексей Кузьмин (Ресей) — Әлеуметтік жобалаудағы жүйелік ойлау, Азиза Умарова (Өзбекстан) – Дизайн-ойлау және т.б. Конференцияға қатысушылар «Дәлме-дәл әрекет» атты бірегей инклюзивті театр жобасының кейіпкерлерімен кездесу күтуде.

Алғаш рет CSO Web-академия — азаматтық қоғам өкілдеріне арналған инновациялық онлайн білім беру жүйесі ұсынылады. Жетекші сарапшылар Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі коммерциялық емес ұйымдарды (КЕҰ) оқыту бойынша КЕҰ көшбасшыларының қажеттіліктеріне сай авторлық құқықпен қорғалған бірқатар онлайн курстарын дайын түрде ұсынады. Бүгінгі күнде 100-ден астам ұйым пилоттық жобаның тыңдаушы ретінде тіркелді.

Орталық Азиядағы азаматтық қоғам өкілдеріне арналған жалғыз жүлдесі «Level Up Prize» сыйлығы салтанатты түрде тапсырылатын болады. Биыл байқауға  80-нен астам өтінім келіп түсті. Олардың арасынан үздіктерін таңдау үшін  33 500 адам дауыс берді.