Басты бетЖаңалықтарДенсаулық сақтау...

Денсаулық сақтау министрі Алматы қаласы және Алматы облысында болған іс сапарын қорытындылады

Министрдің айтуынша, қабылданған шараларға қарамастан кейбір кемшіліктер бар.

«Бүгін таңертең Алматы облысы және Алматы қаласындағы медициналық мекемелерге бардым. Бұл жерде анықталған кемшіліктер жауапты тұлғаларға тапсырылды және былтыр енгізілген медициналық қызметтердің стандарттары сақталмаған», — деді Ержан Біртанов.

Бүгінгі таңда қоғамда туындап жатқан көптеген сыни пікірлерді жеткізген БАҚ өкілдеріне жауап берген денсаулық министірі жауапкершілікті толығымен өз мойнына алатынын жеткізді.

«Қазіргі уақытта осы бағытта жұмыс істеп, өз міндеттерін толығымен орындап жатқан дәрігерлерге ризамын. Көптеген мәселелер бар. Бірақ оның көбі бізге, яғни шенеуніктерге қойылуы керек. Бұл тарапта екі арада алтын көпір болып отырған БАҚ өкілдеріне рахметімді айтамын», — деп қорытындылады министр.