Себебі екі нысан да кез келген уақытта құласа, айналаға қауіп төндіретіні анық. Ал көпір астымен «Алматы-Мәскеу» бағытында қатынайтын теміржол салынған. Апат айтып келмейді. Сондықтанда алдын-ала сақтанған қала әкімдігі көпірді бүгін түбімен жойды. Көпірді демонтаждау жұмыстарына 80 жұмысшы тартылған. Осыдан 34 жыл бұрын тұрғызылған қазіргі қауіпті нысан енді темір жолмен қатынайтын пойызға да сол маңда тұратын тұрғындарға да кедергісін келтірмейді. Бүгін көпір бұзу жұмыстары жүргізілгендіктен, уақытша бірер сағатқа жүк пойыздарының да қатынасы тоқтатылды. Ал келер аптада екінші нысан мұнара да бұл жерден алынып тасталынады. Оны қирату үшін арнайы саперлар шақыртылмақ. Биіктігі 210 метр болатын алып мұнараның салмағы 500 мың тоннаға жуықтайды. Егер ол құласа жақын маңдағы елді мекен тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезінеді.
Бейсенбек Жанбосынов, қала әкімінің орынбасары:
— Мұнда тек ғана демонтаждау жұмыстары атқарылады. Ол дәнекерлеу жұмыстар, арматураларды кесу. Бүгінгі таңда көпірдің екі балкасы еш зиянсыз демонтаждалып шетке қойылады да бұл қала әкімдігінің болашақтағы резерві. Басқа қажеттілігіне жаратуға жағдай жасалады.