Басты бетГеннадий Головкиннің...

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко болуы мүмкін

Мұндай жағдайда қазақстандық боксшының қарсыласы, IBF белбеуіне міндетті үміткер — украиналық Сергей Деревянченко болады.

«Егер «Канеломен» ештеңе шықпаса, онда Головкин Билли Джо Сондерспен емес, міндетті үміткермен, яғни Деревянченкомен шаршы алаңға шығады. Ұлыбританиялық боксшы 23 маусымда жекпе-жек өткізеді, сол себепті біз абсолют чемпион атағы үшін талас жекпе-жекті ұйымдастыру үшін келіссөздер жасап үлгермейміз», — деді Леффлер XSport.ua басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, 23 мамырда АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ньюарк қаласында IBF кеңсесінде Головкин мен Деревянченко өкілдерінің тыңдалымы өтті. Қазақстандық боксшының командасы екінші рет уақытты шегеруді сұрады. Ұйым ережесі бойынша бұған рұқсат жоқ. Соңғы шешім 7-10 күн ішінде шығады.

ДереккөзVesti.kz