Мектеп білімі қай уақытта болмасын қоғамның қызу талқысына ілігеді. Дегенмен, оқушылар қазіргі заманда білімді тек мектептен, ұстаздан ғана алады десек, жаңылысқан болар едік. Цифрлық қоғамда оқушылар сабаққа онлайн-сервистермен дайындалып, қосымша іздене алады. Ал Сіздің бұған көзқарасыңыз қандай?
[totalpoll id=»70479″]
Егер мектеп пәндеріне қандай онлайн-сервистермен дайындалу тиімді екенін білгіңіз келсе, Bilimland.kz порталымен танысып көріңіз. Мұнда мектепке дайындық, инклюзивті курс, бастауыш математика, орта мектептегі барлық пән бойынша қызықты цифрлық материалдарды көптеп табасыз. Жаңа сабақты қысқа әрі мазмұнды түсіндірме мәтіндерді оқып, тапсырмаларын орындау арқылы пысықтауыңызға болады.
Bilimland.kz сайтында үш тілде де қалаған пәніңіз бойынша біліміңізді жетілдіре аласыз. Сондай-ақ мектеп бағдарламасына сай Twig-Bilim порталынан жаратылыстану бағытындағы мыңнан аса фильмді тамашалауға болады. Фильмдердің қазақша және орысша субтитрлерін қолдану тіл үйренушілер үшін пайдалы болмақ. Ал егер ҰБТ-ға, ТКТ-ға дайындаламын десеңіз, iTest.kz электронды жаттықтырғышы Сіздің көмекшіңіз болады деген сенімдеміз.