Талдықорғанда актерлік шеберлік сабағы өтті

«Қазіргі таңда барлық адамдар материалдық жағдайды жақсарту мақсатында түрлі әрекеттерге барады. Соның ішінде өнер адамдары да бар. Мен үшін, белгілі бір кейіпкерді барымды салып ойнау маңызды. Бұл жоғары ақы төленбейтін кішігірім рөлдер болсын, оларды сапалы етіп ойнап беру басты міндетім болып келеді», -деді Асхат Кучинчиреков.

Асхат Кучинчиреков – актер әрі режиссер. Ол 2018 жылы Канн кинофестиваліне қатысып, «Айка» атты фильмін ұсынған болатын.

Актёр — өнердегі ең биік шың, сахнаның ханзадасы, өнердің теңдессіз алыбы. Сондықтан, кез келген рөлді сомдау жылдармен келетін теңдессіз тәжірибе. Ол үшін көптеген сынақтардан өтеді. Солардың бірі — «Этюд». Бұл эмоциялық мінез-құлық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін сабақтардағы пайдалы элемент.

Аталмыш шара өте қызықты өтті. Тыңдаушылар қызығушылық тудыратын барлық сұрақтарын қойды. Әсіресе іс-шараның жас қатысушылары, жұмбақ кино әлемі туралы мол ақпарат алды.