Еске сала кетейік, өткен жылдың күзінде Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин жұмыс сапарымен Қытай елінің астанасы Бейжіңде болып, жергілікті инвесторлар және өнеркәсіптік құрылымдардың өкілдерімен кездесу өткізген болатын. Бұл жолы сол кездесудің жалғасы ретінде қытайдың «CITIC» инвестициялық корпорациясының өкілдерінен құралған делегация Ақмола облысына келіп отыр.
Инвестиция тарту еліміздің сыртқы саясаттағы басты бағыттарының бірі. Осы ретте, еліміздегі астықтың 25 пайызын өндіретін Ақмола облысына Қытайдың ірі компаниялары қызығушылық танытып отыр.
Кездесуде аймақ басшысы мен қытайлық «CITIC» копорациясының өкілі Гэй Кайхуа өңірде мал шаруашылығы, егіншілік саласын одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастырды. Қытайлықтар өңір экономикасына инвестиция салуға қызығушылықтары жоғары екенін атап өтті.